2014 жылғы 27 қараша, Астана қаласы
Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 46-19) тармақшасын іске асыру мақсатында, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице – министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Мамытбеков.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығымен бекітілген
Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-19) тармақшасына сәйкес жасалды және эпизоотиялық мониторинг жүргізу тәртібін орнатады.
2. Эпизоотиялық мониторинг мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарымен (бұдан әрі – Ветеринариялық ұйымдар) жүргізіледі.
Эпизоотиялық мониторинг жүргізген кезде:
1) ветеринария саласындағы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және (немесе) олардың ведомстволарының;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінің;
3) ветеринария саласындағы ғылымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдерінің;
4) ветеринария саласындағы халықаралық сарапшыларының қатысуына рұқсат етіледі.
3. Эпизоотиялық мониторинг:
1) жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға;
2) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға қамтамасыз етуге бағытталған.
4. Эпизоотиялық мониторинг әртүрлі деңгейде аумақтарына байланысты жүзеге асырылады:
1) республикалық деңгей – Республиканың барлық аумағын қамтиды;
2) өңірлік деңгей – шектелген әкімшілік және (облыс, астана және республикалық маңызы бар) өзге де шекараларды қамтиды;
3) жергілікті деңгей – ауданның немесе қаланың аумағын қамтиды.
2. Эпизоотиялық мониторинг жүргізу тәртібі
5. Эпизоотиялық мониторинг жүргізу кезеңдеп жүзеге асырылады және құрайды:
1) сандық деректер жинағын;
2) кейіннен статистикалық өңдеуді.
6. Ветеринариялық ұйым ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген үлгі және осы қағиданың қосымшасына сәйкес эпизоотологиялық зерттеу актісі бойынша жануарлар ауруларының, эпизоотологиялық зерттеулерді қоса алғанда таралуы туралы және жануарлардың нақты ауруларының дамуы заңдылықтарын, табиғи-географиялық және экономикалық олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжауды жүзеге асырады.
Толық эпизоотиялык тексеруді жүргізу және қосымша деректер жинау үшін ветеринариялық ұйым биологиялық (патологиялық) материалдар сынамасының сұрыпын таңдау және диагностикалық зерттеулердің мониторингін жүргізу арқылы іске асырады, сондай ак жабайы аңдардың да зерттеулерін қоса алғанда.
7. Ветеринариялық ұйым осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген эпизоотологиялық зерттеулер әдісін қолдануымен қоса, деректерді өңдейді:
1) жануарлар ауруларының таралуының дәрежесі мен шығу себептерін, айқындалу мінезі және салыстырмалы-тарихи сипаттамасын (аурудың эволюциясы, эпизоотиялық үдеріс экономикалық (шаруашылық) шарттарға тәуелділігі, эпизоотиялық оралымдығы және оның әлеуметтік шайқалыс және апаттармен байланысы , ауруға қарсы күрестің тарихи тәжірибесі);
2) салыстырмалы-географиялық сипаттамасын (эпизотиялық көрінісі географиялық аумағына және эпизотиялық картографиясына байланысты екенін анықтау);
3) эпизоотиялық тексеруді (нақты әкімшілік-аумақтық бірлігінің эпизоотиялык жағдайдын бағалау, эпизоотиялық ошағының пайда болу себебін анықтау, жануарлар ауруларының жайылуына қолойлы жағдайларды немесе кедергі жасалатын шараларды анықтау);
4) эпизоотиялық тәжірибені (эпизоотиялық үдерісінің жеке жақтарының байқап (қоздырғыштың қоршаған ортаға шығу ұзақтығы және жолы, жануарлардың зарарланудың механизімі, олардың тұрақтылығын білу үшін әр-түрлі жағдайларды анықтау) профилактикалық және емдік көрсеткіштеріне қарай ветеринариялық препараттың тиімділігін тексеру);
5) математикалық (статистикалық) талдау (жануарлар ауруларының аумақтық таратуының көрсеткіштердің нақты стандартталған жүйелендіру және әлпеттеу түрінде көрсету, эпизоотиялық үдерістің ағысының қарқындылығының өзгеруі, жануарлардың әр-түрлі ауруларымен зақымдану дәрежесі).
8. Ветеринариялық ұйым өңделген деректер негізінде:
1) алынған деректердің талдауын және бағалауын өткізеді, жануарлар ауруларының эпизоотиялық күйдің өзгерістерінің арасында себеп салдарларының байланысын анықтайды;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктін дәрежесін ескере отырып байқаған құбылыстардың өзгерісінің болжамдарын құрастырады және осыған сәйкес дерекқорды жүргізеді;
3) жануарлардың эпизоотиялық амандығын қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша ұсыныстырды құрастырады, барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде, шаруашылық субъектілерде және жануарлар ауруының қоздырғыштарның жою немесе азаю фактілерін ескереді;
4) ақпараттық және ақпараттық-талдаулық жүйелерге, ауларды, бағдарламалық материалдарды және эпизоотиялық мониторингінің дерекқорларын мәліметті енгізеді, оның ішінде ақпараттық қорына көпжылдық мәліметтер байқаудың жүйесі, сондай-ақ статистикалық регистірлерге жүйелендірген нормативтік-анықтама материалдары және дерекқорлар жатады. Жануарлардың эпизоотиялық игілігіне өзгерістерідің арасында себеп салдарларының байланысын анықтау және аурудың мінезін айкындау үшін бағдарламалық-технологиялық және техникалық жабдықтармен кешенді қамтамасыздандырылған.
9. Ветеринариялық ұйым эпизоотиялық мониторингінің кесте, есептеме, карта және картографиялық материалдар түрінде, қағаз және электрондық түрде ресімделетін, ақпарат электрондық жүйемен жиналатын, сақталатын, өңделетін нәтижесінің талдауын ветеринария саласындағы уәкілетті органдарға 15 ақпан айына дейін, эпизоотиялық мониторинг жасаған жылдан кейін болатын жылда жібереді.
10. Эпизоотиялық мониторинг қорытындылары ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігі және олардың өршуі мен болжау және эпизоотия мен панзоотиялардың жою және дамыту, жоспарларды әзірлеу (ұлттық, аумақтық және ведомстволық) ветеринариялық (эпизоотияға қарсы) іс-шараларға негіз болып табылады.
Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларына қосымша
Нысан
Эпизоотологиялық зерттеу актісі
___________________________________________________
(эпизоотологиялық зерттеу актісінің атауы, мекен-жайы)
Эпизоотологиялық зерттеу актісінің жүргізу уақыты
20__ жылғы _________ «__» мен 20__ жылғы _________ «__» бойынша
Мен _____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(эпизоотологиялық зерттеу жүргізушінің тегі,аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы)
Эпизоотологиялық зерттеу ________________________________________________ жүргізілді
________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_______________________________________________________ осыған байланысты бекітілді.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Ұсынылған мәліметтер, ауру қоздырушысының факторлары және берілу жолы______
________________________________________________________________________________
Жүргізілген эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар әсерінің бағасы___
__________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
ескерту: Мынадай мәліметтерді міндетті көрсетумен эпизоотиялық зерттеу объектісінің мәліметтері; мамандандыру, өсірілетін жануарлардың түрі, ұстау талаптары, толықтырмалар, жануарларды тамақтандыру, суат, жайылым, ағынды суларды зарарсыздандыру сипаттамалары, қи және қи жинауыштарды тазарту, жемшөпті дайындау және сақтау талаптары, жануарлардан алынатын өнімдер және өнімдерді өткізу, залалсыздандыру талаптары, жануарлардан алынатын өнімдерді, жануарлар өнімдерін және жемшөпті санитариялық өңдеу, тұрғын үйлерден мал шаруашылығы құрылыстарының алшақтығы, богде адамдардың қатысуынан қалай қорғайтыны, объектіде қараусыз мысықтар мен иттердің болуы, ауру ошағы болған күнде жануарлардың түрі және жасы бойынша топтарымен болуы, басқа шаруашылық байланыстар (ауылдық округтеріне, ішкі сауда объектілеріне, қоқыстарға, ет комбинаттарына, етсүйек ұнын дайындайтын заводтарға және басқа акелінген және келтірілген жолдың үлкен ара қашықтығы), жануарлар, шикізаттар, жемшөп және жануарлар өнімдері шаруашылыққа соңғы уақыттарда қайдан келгені, шаруашылыққа келген жануарлардың тексеруден өткені, мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) санитариялық жағдайы, эпизоотиялық жағдайдың (бұрын сонды ауру жағдайы, көздері, аурудың таралу жолдары, эпизоотия немесе панзоотияның дамуы тіркелгені)сипаттамасы, эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар және эпизоотологиялық зерттеу объектісіне қатысты басқа да мәліметтер.
Мемлекеттік ветеринариялық дәрігер
______________________________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты(бар болғанда)) (қолы)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10021 болып енгізілді.